Бірің бәлкім мазақ етіп күлесің, Бірің тіпті көре алмай жүресің, Бірақ менің жүрегімде жазылған, "АТЫРАУ" деп аталатын ұлы есім. Жараспайды жамандасақ құр айла, Бай қаламыз жанкүйерге, мұнайға. Ел қатарлы доп теуіп жүр тартынбай, Командамыз шүкір қазір құдайға. Жалықпаймын жеңісіңді күтуден, Маған мейлі ойнап жүріп ұтыл тең, Болғанымен бір алаңы кіп-кішкентай, Жеңсем деген арманы бар үп-үлкен. .. Әуеден доп ап кетуге ұтқыр-ақ, Түсіністікпен ойнай білер жұп құрап. Абдуллин, Бутуев пен Одибе, Қорғанысты ұстап тұрар мықтырақ. Енді шығып келе жатқан дерегі, Жарқын голдың болып шығар себебі. Блажич пен Афанасьев екеуі, Әп-әдемі пас шығарып береді. Сборныйда ойнап жүрген тамаша, Бұл жігітті жөн мықтыға санаса. Кей қақпашы ауызын ашып қалады, Карпович қақ ортадан қадаса. Бәсекелес болып жүріп бір тақым, Бұрыштама болған кезде құртатын. Коструб пен Трифунович баспенен, Қатты соқса қақпа торын жыртатын Бір тілек бар жарақат ап қалмаса, Осы ойын қарқынынан танбаса. Бар қорғаушы басы айналып қалады. Эссаме мен Нсреко алдаса... Айта аламын оның бәрін мақтана, Жеңісіне жігіттердің шаттана, Сейф көріп, сенімді біз боламыз. Шабановты көрген кезде қақпада. Белявскиге жақсы идея құйылса, Алтылыққа біз енеміз бұйырса. Бірақ онымен қарап қалмай түбінде, Біз ЧЕМПИОН атанамыз бұйырса. ..

Теги других блогов: спорт Атырау қазақстан